Экономика Сарыағаш ауданында астық ору науқаны басталды Редактор 16.06.2023 8029 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданында астық ору науқаны басталды. Осынау науқанға білек сыбана кіріскен аудан диқандары жайдары жаздың әр сәтін қалт жібермей, астық ору қарқынын үдете түскен. Дәл қазіргі таңда егістік алқаптарында тізілген комбайндар жиналған алтын астықты қамбаға құю үстінде. Осыған орай, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза ауылдық округі, Сарысу елді мекеніне арнайы барып, астық ору науқанымен танысты. Аудан басшысы дәнді-дақыл егумен айналысатын «Дарбаза» ЖШС-нің жұмысымен танысу барысында астықты төкпей-шашпай жинап алу басты міндет болып тұрғанын атап өтті. Айта кетсек, «Дарбаза» ЖШС-і ағымдағы жылы 2000 гектар жерге бидай егіп, гектарына 20-25 центнерден өнім алуды жоспарлап отыр. Жалпы ауданның 2023 жылға арналған жоспарына сәйкес, аудан бойынша ағымдағы жылы 71 500 га жерге егін егу межеленді. Бүгінгі күнге 71 501 га жер толығымен игерілді. Жалпы егіс көлемінің 42803 жеріне астық дақылдары себілген. Қазіргі таңда 1876 тонна өнім жиналды. Оның ішінде 896 тонна бидай және 980 тонна арпа. Өнімділік гектарына 20-25 центнерден алынуда. Ал, 2022 жылы жалпы 42637 гектарға астық дақылдары егіліп жалпы 63186 тонна өнім жинап алынды. Өнімділік гектарына 15-17 центнерден алынды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 12.12.2024 141117 БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024 163795 КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 1 оқу мин Экономика КЕНТАУДА БИЫЛ ЖЫЛЫНА 45 МЛН ДАНА ҚЫШ ӨНДІРЕТІН ЗАУЫТ ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ 27.11.2024 170949