Экономика ЖЕТІСАЙДА ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ГҮЛ ӨСІРІП АЙЫНА 1 МЛН ТЕҢГЕ ТАБЫС ТАБАДЫ Редактор 27.09.2023 36237 1 оқу мин Бүгін Жетісай ауданында БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер аудандағы Қазыбек би ауылдық округіндегі гүл өсіруші “Салих “ шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Ағайынды Нартаевтар үйіргелік 3 соттық жер теліміне жылыжай салып бастаған. Кейін гүл өсіріп сату ісін қолға алып, жылыжай аумағын 15 соттыққа жеткізген. Қазіргі таңда жылыжайда құмыраға отырғызылған гүлдің 40-тан астам түрі өсіріледі. Қожалық әр гүлді 500-10000 теңге арылығында саудалап, айына 1 млн теңге табыс тауып отыр. Гүл бағында 10 адам жұмыспен қамтылған. Баспасөз турында журналистер «Ауыл Аманаты» бағдарламасымен қаржы алып, кәсібін бастаған шаруалармен кездесті. Ж.Ералиев ауыл округі, С.Сейфуллин ауылының тұрғыны Асрор Қамбаров “Ауыл аманаты” жобасымен 2,5%-дық несие алып, 20 соттық жылыжай ашқан. Онда қияр егіп, 7-8 тонна өнім алып отыр. Бүгінде төрт адам жұмыспен қамтылған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 13240 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 10390 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 14323