Руханият Суреттегі жауынгер кім? Редактор 13.01.2022 4155 1 оқу мин Қаңтардың басында ел ішінде дүрбелең тудырған оқиғалар кім-кімнің болса да жүрегін ауыртты. Еліміз үшін алаңдап, көңіліміз жабырқап қалды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен әскерилерге қарсы жасалған қатыгез әрекеттер көңілге қаяу түсірді. Осы күндері интернет желісінде жауынгер мен кішкентай баланың суреті пайда болып, тез тарап кетті. Жып-жылы сурет. Қоғам жақсы қабылдады. Бейбіт жауынгердің бейнесі. Осы суреттегі жауынгерді іздестірдік. Ол – Ұлттық ұланның жауынгері екен. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 6698 әскери бөлімінде қызмет ететін ефрейтор Шахрух Хасанов қаңтардың 4-і күні дабыл белгісімен қызметке келгенін айтады. Олар Шымкент қалалық әкімдіктің маңына қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қызметіне шыққан. Әйгілі сурет 7 қаңтарда түсірілген екен. Әкімдік алдындағы алаңда қызмет атқарып тұрған жауынгерге бір кішкентай балақай жүгіріп келіп, сәлем беріпті. Жауынгер де баланың қолын қайтармай, сәлемін алып, басынан сипап, әкесіне қарай жіберген. Әкесінің айтуы бойынша неше күн үйде қамалып отырған бала әбден зерігіп, далаға серуенге шыққанына қатты қуанған. Ал осы сәтті сол маңайда түсірілім жасап жүрген «OTYRAR TV» журналистері түсіріп алған. Ефрейтор Шахрух Хасановтың Ұлттық ұланда қызмет етіп жатқанына 10 жыл болыпты. Үйленген, екі ұлы бар. Ұлдары да әке жолын қуып, әскери боламыз дейді. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 1 оқу мин Руханият «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы «Neke tour» байқауын жариялайды 04.04.2024 4541 КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 1 оқу мин Руханият КЕНТАУДАҒЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНДЕ 1 ТОННА БАУЫРСАҚ ПЕН 1 ТОННА НАУРЫЗ КӨЖЕ ТАРАТЫЛДЫ 20.03.2024 5192 ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 1 оқу мин Руханият ТҮРКІСТАНДЫҚ БИШІЛЕР ЭТНО СТИЛЬДЕГІ ҰЛТТЫҚ КИІМ ҮЛГІЛЕРІНІҢ ТОПТАМАСЫН КӨРСЕТТІ 18.03.2024 6913