Saq.kz Интернет-газеті | Негізгі

Фото: facebook

Шымкент: Зообақтағы жануарлардың 40 түрі «Қызыл кітапқа» енген

👤Saq.kz 0 коммент. 🕔2020-01-16

Шымкенттегі "хайуанаттар бағы" 1980 жылы 29 сәуірде ашылған. Алғашқы жылдары коллекцияда 350 бас 75 хайуанат түрі ғана болған.

2013 жылы қайта құру жұмыстары жүргізіліп,«Африка» аумағы, әкімшілік ғимараты және «Тау» экспозициясы ел игілігіне берілді. Бұдан бөлек, хайуанаттар бағының іші көгалданып, ішкі жолдар мен аяқжолдар бойына зообақ логотипі бейнеленген орындықтар мен орталық ішкі жолындағы гүлзарда жағалай аң мүсіндері орнатылды.

Сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жан-жануарларды сақтап, оларды көбейту мақсатында құрылған зообақта бүгінгі таңда түрі 200-ден асатын 2000-нан астам жануарлар бар. Мұнда келушілердің саны жылына 500 мыңға жетеді.

Зообақтың жалпы ауданы – 30 гектар. Оның ішінде экспозициялар 19 гектар жерге орналастырылған. Мұндағы жануарлардың 40 түрі Қызыл кітапқа енген. Зообақта тұяқтылар, жыртқыштар, приматтар, құстар, балықтар, бауырымен жорғалаушылар және қосмекенділерді тамашалауға болады.
Сондай-ақ, мұнда балықтың 70 түрінен,1000-нан астам балық мекендейтін аквариум орналасқан.

 

ПІКІР (0)

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Ваш email не будет опубликован. Поля, обозначенные *, обязательны к заполнению.

<=Қыр 2020=>
ЖкДсСсСрБсЖмСн
1

2

3

4

5

6

7

9

10

12

13

14

15

16

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

Галерея