Шынайы шығармаларымен шымкенттіктерді ғана емес, бүкіл қазақ қауымын тәнті еткен Мархабат Байғұт жуырда жетпіс жасқа толды. Әрдайым игі істердің бастамашысы болып жүретін Махаң айтулы датаны да елдің есінен кетпестей ерекше етіп атап өткенді жөн көріпті. Үш жетпістің төрге озуы яғни, Жеңістің 70 жылдығы, жазушының 70 жылдығына орай 70 шақырым жаяу жүру марафоны бастауын алды. Кең залда, қалың қауымның алдында мақтау естіп, марқайып отырғаннан көрі осындай елеулі шараны қолға алғанды жөн көріпті жазушы. Онысы көпшілікке ұнапты да. Әрине осындай игі істер де мархабат мәнзілдес болмағы құптарлық-ақ. «Шымкенттен – Шұбайқызылға!» атты шара барысында Шымкенттен Түлкібас ауданының Шұбайқызыл төріне дейін жаяу жүрмек. Марфоншылар қатарында бірқатар зиялы қауым өкілдері мен жас қаламгерлер және БАҚ өкілдері бар. Жетпіс шақырым аралықтағы елді мекендерді басып өтетін марафонға қатысушылар жерілікті тұрғындармен кездесіп, «Мәңгілік Ел» мұраттары, жаңа қазақстандық патриотизм мен ұрпақтар сабақтастығын насихаттайтын болады. Жеңіс жолында қаза тапқан батырларға арналған ескерткіштерге тоқталып, тағзым етеді. Жаяу жүргіншілер 18 сәуірде Түлкібастағы Шұбайқызыл төбесіне келіп тоқтайды.
Связанные истории
18.11.2024
17185
18.11.2024
16223