Бүгін, 15 мамыр күні Шымкент қаласының қозғалыс көп болатын көшесінде Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметі «Өміріңді сақта!» акциясын өткізді. Полицейлер мен оқушылар қолдарына жол жүру ережесін сақтау бойынша плакаттар ұстап, жүргізушілерге кітапшалар таратты. Іс-шараның мақсаты – «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты кең ауқымды акциясы аясында жазғы демалыс кезінде балалармен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады. Сонымен, ағымдағы жылдың 4 ай көлемінде облыста балалардың қатысуымен 132 жол апаты тіркелген. Оның ішінде 9 бала қаза болып, 143 жасөспірім түрлі дәрежедегі жарақат алған.Шымкент ҚІІБ Жергілікті полиция қызметінің бастығы Данияр Мейрхан атап көрсеткендей: «Біздер, әрбір жүргізуші көлік рөліне отырғанда жол жүру ережелерін сақтап жүрсе екен дейміз. Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргінші де жол қозғалысының бір мүшелері екенін ұмытпаса.» «Өміріңді сақта!» акциясының соңында полицейлер мен оқушылар 150 түрлі-түсті шарды әуеге ұшырды.Сонымен қатар, «Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты республикалық акциясы барысында ОҚО ІІД Жергілікті полиция қызметі жол жүру ережесін бұзушылықты анықтау бойынша рейдтік шаралар жүргізуде.2017 жылдың басынан бері тәртіп сақшылары қауіпсіздік белдігін қолданбау бойынша – 1144, жол жүру кезінде ұялы телефон немесе рация пайдалану бойынша 970 жайт, жаяу жүргіншілерге басымдық бермеу – 165, жаяу жүргіншілерімен ЖЖҚ бұзу – 364 жайт тіркеген.«Балалардың жолдағы қауіпсіздігі» атты республикалық акциясы Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында 2017 жылдың 1 мамырынан 1 маусымына дейін жалғасады.