Әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға көмек беру — әрбір адамның қоғам алдындағы жауапкершілігі. Елдегі тыныштық пен мамыражай тіршілік арқасында кәсібін өркендеткен тағы бір азамат Шымкенттегі №24 мектеп оқушыларына жақсылық жасады. Қайрат Сүлейменов 10 оқушыны киіндіріп, жаңа оқу жылына дайындады. Қазір халықтың әл-қуаты біршама түзелді десек те, қоғамызда әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар бар. Осындай жандарға қол ұшын созып, қайырымдылық жасауды Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ұлы Орда» ЖШС-нің басшысы Қайрат Сүлейменов өзінің парызы санайды. Кәсіпкер жомарттығына бұл жолы ата-аналар мен ұстаздар алғысын білдірді. Жанар Биқожаева — С. Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицейі директорының орынбасары «Ұлы Орда» компаниясынң президенті Қайрат Сүлейменов біздің мектеп –лицейдің оқушыларына жәрдем беріп жатыр. Рахмет айтамыз». Саттар Ерубаев атындағы №24 –ші мектеп-лицейде 1 650 оқушы білім алады. Аталған білім ордасы басшылығының айтуынша, олардың 181-і — аз қамтамасыз етілген отбасы балалары. Қайрат Сүлейменов – кәсіпкер «Өзіміз де оқушы болдық. Елбасының күш-білімде дегеніндей, балалардың білімді болып өсуіне жәрдемдесіп отырмын» Дер кезінде берілген көмек шәкірттердің болашаққа деген сенімін нығайтады. Үздік оқуға деген ынтасын оятары анық. «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы қыркүйектің соңына дейін жалғасады. Ендеше, қиналғандарға жәрдемдесіп, жақсылық жасауға пейілді, жомарт жандар табылып жатса, нұр үстіне нұр болмақ.
Уәлихан ҚОЖАҚ