Жуырда Түркістан облысының Облыстық клиникалық ауруханасында Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқармасының Медициналық орталығының мамандары облыс дәрігерлеріне көптеген шеберлік сабақтарын өткізді. Бұл заманауи білім алмасуға тамаша мүмкіндік болды. Аталмыш шара аясында көптеген тәжірибе алмасулар өткізілді.
Осы шара аясында директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары, медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Ж.Қарабаева, анестезиолог-реаниматолог А.Е.Кәрібаева, медициналық статистика бөлімінің бастығы Н.Д.Ыскакова дәрістер және семинарлар өткізді. Түркістан облысының облыстық клиникалық ауруханасында өткен Қазақстан Республикасы Президентінің Медициналық орталығының күндері медицина қауымы үшін айтулы оқиға. Бұл медицинаның әртүрлі салаларындағы мамандардың тәжірибемен және заманауи білім алмасуына тамаша мүмкіндік болды.
Дәрістер мен семинарларды медицина ғылымдарының докторы, профессор Р.Ж.Қарабаева, анестезиолог-реаниматолог А.Е. Карибаева және медициналық статистика басқармасының басшысы Н.Д. Ысқақова медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруға және инновациялық тәсілдерді тәжірибеге енгізуге өз үлесін қосты.
Мұндай іс-шаралар денсаулық сақтау саласын дамытуда шешуші рөл атқарады, өйткені олар мамандарға медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар болып, оларды пациенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қолдануға мүмкіндік береді. Бұл да халықаралық стандарттарды ұлттық медицина жүйесіне енгізу жолындағы маңызды қадам. Аталмыш шара барысында «Сепсис. Септикалық шок. Халықаралық ұсыныстарға шолу. Сепсиске қарсы антибиотикалық терапия», «Төсек қорын ұтымды пайдалану», Клиникалық-фармакологиялық бөлім: «Бөлімнің жұмысын ұйымдастыру, кадрлық қамтамасыз ету және қызметкерлердің лауазымдық міндеттері» атты дәріс оқылды. Аталмыш дәрістерде соңғы әлетте медицина саласына ендіріліп жатқан жаңашылдықтар қамтылған. Дәріс тыңдаушылары көптеген тың мәліметтерге қаныққандарын айтып, мамандарға алғыс айтты. Алдағы уақытта осы бағыттағы шаралар жалғасын тапса деген тілектерін білдірді.