Соңғы әлетте Денсаулық сақтау министрлігінің әр сала бойынша бас дәрігерлері өңірлерге жұмыс сапарымен барып, науқастарға кеңес беріп, дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізіп жүр. Бұл өз кезегінде өңірлік медицина саласының дамуына, дәрігерлердің шеберліктерін арттыруға көп септігін тигізері анық.
Жуырда Қазақстан Республикасының бас маммолог дәрігері медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Ж.Абдрахманова (КазОжР), медицина ғылымдарының кандидаты Н.А.Кабилдина Қарағанды Карағанды медициналык университеті, Астана қаласынын бас штаттан тыс маммолог дәрігері Е.И. Жаппаров Астана қаласының Онкологиялық орталығы қатысумен Облыстық клиникалық ауруханасында сүт безі қатерлі, қатерсіз ісіктері бойынша ашық есік күні өткізілді. Аталмыш шара аясында 32 науқасқа кеңес беріліп, 2 науқасқа эстетикалық және реконструктивті ота жасау бойынша шеберлік сыныбы өткізілді.
Облыстық клиникалық ауруханасында ұйымдастырылған Ашық есік күні сүт безінің қатерлі және қатерсіз ісіктері туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған маңызды бастама болып табылады. Қазақстан Республикасының бас маммологы, медицина ғылымдарының докторы, профессор А.Ж. Абрахманованың жетекшілігімен қатерлі аурулардың алдын алуға бағытталған шара бұл мәселеге көзқарастың маңыздылығын атап көрсетеді.
32 пациентке арналған консультациялар мен эстетикалық және реконструктивтік хирургия бойынша шеберлік сыныбы халықты хабардар етіп қана қоймай, медицина мамандарына практикалық білім мен дағдылар беретін шараның негізгі элементтері болып табылады. Бұл медициналық көмектің сапасын жақсартуға және маммология саласындағы емдеудің жоғары стандарттарын сақтауға көмектеседі. Қауіпті де қатерлі аурудың алдын алуға бағытталған мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын таппақ.