С.Әбдіжаппаров атындағы жалпы білім беретін мектеп жанындағы интернат коммуналдық мемлекеттік мекемесінде наркологиялық бекеттің жоспарына сәйкес, Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық ауруханасының нарколог маманы Асқар Алиасқаров оқушыларға «Нашақорлық ғасыр дерті», «Арақтың адам ағзасына тигізетін кері әсері» атты тақырыпта 8-11сынып оқушыларына баяндама оқып, бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара барысында сұрақтар қойылып, пікірталас жасалынып, сұрақтарға тиімді жауаптар берілді.
Жасөспірімдер арасында нашақорлық пен алкоголизмнің алдын алу бойынша іс-шаралар, сондай-ақ нашақорлық пен алкогольді тұтынудың денсаулыққа тигізетін салдары туралы кеңінен әңгімеледі. Сондай-ақ нарколог оқушылармен есірткі мен ішімдіктің зияны, зиянды әдеттерден бас тарту және салауатты өмір салтын ұстану туралы әңгімелесті. Ол денсаулықтың маңыздылығын және өз денсаулығына қатысты жауапты шешімдер қабылдау қажеттігін атап өтті. Іс-шараға оқушылар белсенді қатысып, сұрақтар қойып, өз пікірлерін білдірді. Наркологпен кездесу барлық қатысушылар үшін пайдалы және мазмұнды болды. Жалпы бүгінгі таңда оқушылардың теріс әдеттерден сақтану жолдарын түсіндіру бойынша ақпараттық бағыттағы жұмыстар көптеп жүргізілуде. Бұл өз кезегінде құмар ойындардың, наркоманияның алдын алуға көп септігін тигізеді. Осы жұмыс аясында оқушылардың зиянды әдеттердің қауіпі мен оның алдын алу жолдары туралы түсініктерін арттыруға бағытталған дәрістер, әңгімелер, тренингтер, жарыстар және басқа да іс-шаралар өткізілуде. Оқушылардың өз әрекеттерінің салдарын түсінуі және негізделген шешім қабылдауы маңызды.
Сондай-ақ ата-аналар балаларына қолдау көрсетіп, жаман әдеттердің азғыруына жол бермеу үшін олармен жұмыс істеу маңызды. Біз оқу орындарымен және қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, өскелең ұрпақтың дамуы үшін салауатты және қауіпсіз орта жасай аламыз.