Өз кәсібіне адал, нағыз кәсіби мамандар жетерлік бүгінде. Түркістан облысына қарасты Төлеби аудандық ауруханасынның перзентхана бөлімінің жоғарғы санатты, тәжірибелі акушеркасы Юнусова Нигора Ташметқызы 40 жылдан бері аталмыш орталықта үздіксіз адал еңбек етіп келеді. Нигора Юнусованың 40 жылдық еңбегінің жемісі 8000 нәрестенің жарық дүниеге келуі, 8000 ананың сәбиін аман-есен құшағына алу бақыты мен 200-ге жуық егіз сәбидің өмір есігін ашуына ықпал етті. Қаншама отбасы көптен күткен қуаныштарын қолдарына алып, алғыстарын жаудырды десеңізші. Бұл әрине адал мамандық иелерінің бәріне деген алғыс боп есептеледі.
Нигора Ташметқызы өз ісінің нағыз кәсіби маманы, оның тәжірибесі мен білімі босану кезінде туындауы мүмкін кез келген қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Оның босанатын әрбір әйелге қамқорлығы мен көңіл бөлуі босану процесін жеілдетуге көп септігін тигізеді. Нигора Ташметқызына өз ісіне адалдығы үшін, әрбір жаңа туған нәрестеге шыдамдылығы мен қамқорлығы үшін алғыс айтушылардың қарасы қалың. Оның кәсібилігі мен мейірімділігі оны көптеген отбасылар үшін жер бетіндегі шынайы жақсы хабар жеткізуші етті.
Нигора Ташметқызы өз ісіне адал акушерлер акушерлерге зор денсаулық, күш-қуат және игі істерін жалғастыра беруіне аналар алғыстарын білдіріп отырады. Оның еңбегі мен адалдығы үшін, сәбилер мен олардың аналарына деген қамқорлығы мен сүйіспеншілігі үшін алғыс айтты.
Жалпы акушерлер болу оңай емес. Күрделі босанулар мен ауыр оталардың ортасында жүру ауыр емес деп ешкім де айта алмайды. Алғаш босануға келген аналарға ақыл кеңесін аямай, жеңіл босануына септігін тигізеді. Дүниеге сәби әкелгелі отырған әрбір ананың көңілі алаңдаулы болары сөзсіз. Сондай сәтті жылы сөзімен де, ісімен де демеу болып, жеңіл босандырып алатын Нигора Ташметқызының қолы жеңілдігіне бәрі де рахметін айтады. Періштелер дүниеге келетін перзентханада талайлардың алғысын алған аяулы жанның алдағы уақытта да алғысқа бөлене берері сөзсіз.