Жуырда Астана қаласында «Гинекологиялық тәжірибедегі ультрадыбыстық зерттеу» тақырыбында конференция өткен болатын. Аталмыш шараға еліміздің түкпірі- түкпірінен білікті дәрігерлер жиналды. Ана мен баланың сақшылары өзара тәжірибе алмасып, білімдерін жетілдіріп, шеберлік сағаттарына қатысты.
Конференцияда жаңа диагностикалық әдістерді тәжірибеде қолдануды үйрену мен бейнелеуді қажет ететін гинекологиялық клиникалық тәжірибеде диагнозды нақтылау үшін ультрадыбысты негізгі дағды ретінде пайдалану жайы жан жақты талқыланды. Конференцияға қатысушылар сонымен қатар акушерия мен гинекологияда ультрадыбыстық зерттеу әдістерін қолданудың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ өздерінің клиникалық бақылаулары мен тәжірибелік жағдайларымен бөлісті.
Сонымен қатар, конференцияда дәрігерлерге науқастарды диагностикалау мен емдеу сапасын арттыруға көмектесетін соңғы технологиялар мен УДЗ зерттеуге арналған жабдықтар ұсынылды. Мұндай іс-шаралар акушерлік және гинекология саласындағы мамандардың біліктілігін арттыруда маңызды рөл атқарады, сонымен қатар әріптестер арасында тәжірибе мен білім алмасуға ықпал етеді. Аталмыш шараға Түркістан облысына қарасты ШЖҚ «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының «Ана мен бала қорғау жөніндегі» басшы орынбасары Б.Н. Танаева, УДЗ дәрігері М. Сытышева, БМСК «Бірінші Мамыр» УДЗ дәрігері Д. Кочкаров қатысып қайтты. Аталмыш конференцияға Медицина ғылымдарының кандидаты, Акушерлік және гинекологиядағы УДЗ халықаралық қоғамының мүшесі, Медицина ғылымының докторы Овсепян Лилит Сократовна мен Ереван мемлекеттік медицина университетінің профессоры, Ереван мемлекеттік медицина университетінің акушерлік және гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностика курсының меңгерушісі, Акушерлік және гинекологиядағы ультрадыбыстық диагностиканың Армения қауымдастығының президенті Тохунц Карине Акоповнаның арнайы шақыртылған болатын.
Білікті мамандар дәрігерлерге соңғы үлгідегі технологияны таныстырып, өз тәжірибелерімен бөлісті. Ауданнан барған дәрігерлер алған білімдері мен жинаған тәжірибелерінің нәтижесін өз тәжірибелерінде қолданып, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға оң ықпалын тигізеді деген сенім басым.