Түркістан облысындағы «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорныны әрдайым дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру мақсатында оқыту курсынан өткізіп отырады. Жуырда ғана Астана қаласы Ұлттық білім беру орталығының медицина ғылымының кандидаты, доцент, дәрігер инфекционист Оспанова Зәуре Мұратқызы келіп «Жүкті әйелдер мен ерте жастағы балалардың әмбебап прогрессивті үлгісі» бойынша 1-ші топ қызметкерлерді негізгі және кеңейтілген түрде оқытқан болатын. Одан кейін екінші топ қызметкерлерді кеңейтілген түрде оқып, білімдерін арттырды.
Сонымен қатар З.Оспанова мамандармен тренинг өткізіп, бірге көше аралау яғни патронаж жұмыстарын жүргізіп, мамандардың жұмысымен де танысқан болатын. Мұндай шаралар аурушаңдықтың алдын алу, тұрғындардың денсаулығын нығайту үшін көрсетер көмегі көп. Сондықтан да мекеме басшысы осы бағыттағы жұмыстарды жандандыруды қолға алып отыр. Осыған орай, жуырда аурухананың жалпы саны 84 дәрігерлері мен орта буын медицина қызметкерлерін “Әмбебап прогрессивті үлгісі” бойынша 3 топқа бөліп оқыту жоспарланған болатын. Еске салсақ мамандарыды оқытудағы негізгі мақсат — жүкті және ерте жастағы балалардағы қауіпті ерте анықтау, анықталған қауіпке жеке жоспар құрып жұмыс жүргізу.
Нақтырақ айтқанда — балалар арасында аурудың алдын алу, өлім-жітімді азайту, мүгедектікті жою, ерте шақтағы балалардың шексіз мүмкіндіктері яғни мидың дамуы, даму салалары, ата-ана мен бала арасындағы бауыр басушылықты, мейірімділікті дамыту, отбасындағы әкенің рөлі мен әке мен ананың денінің саулығы, баланы тәрбиелеу, сөйлесу, оқыту, ойнату, қоршаған қауіпсіз орта мен зорлық-зомбылықтың алдын алу болып табылады. Оспанова Заура Мұратқызы аурухана қызметкерлеріне тәжірибесі мен білімін бөлісті, жүкті әйелдер мен жас балалардағы жұқпалы ауруларды диагностикалау мен емдеудің ең заманауи әдістері туралы айтты. Тренинг қатысушылар алған білімдері мен дағдыларына өте риза болды және алғыстарын білдірді.
Оқытудың арқасында қызметкерлер қазір жүкті әйелдер мен балаларға сапалы әрі кәсіби медициналық көмек көрсетуге дайын, бұл пациенттердің денсаулығы мен әл-ауқатына оң әсер етеді. Оспанова Заура Мұратқызы ана мен бала денсаулығы саласындағы жұмысын жалғастырып, облыстағы медициналық көмек көрсету деңгейін көтеруге атсалысып, әріптестерімен тәжірибесі мен білімін бөлісуде.