Жуырда оңтүстік өңірде Преаналитика бойынша бірінші республикалық конгрес өткен болатын. Оған өңіріміздегі барлық медицина мекемелерінің мамандары қатысты. Білімдерін жетілдіріп, өз тәжірибелерімен бөлісіп, медицинаның соңғы жаңалықтарына қанықты. Аталмыш шараға Түркістан облысына қарасты «Төлеби аудандық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас мейірбикесі Г.Кенжебекова да қатысқан болатын.
Маман жоғарғы деңгейде жинақтаған білімі мен тәжірибесін ауруханаға қарасы барлық дәрігерлік амбулатория мен бөлім аға мейірбикелерімен бөлісіп, тәжірибелік-семинар сабағын өткізді. Нәтижесінде, конгреске қатысу Г.Кенжебекованың біліктілігін арттыруға және аналитика саласындағы сауатты маман болып қалыптасуына ықпал етті. Мұндай іс-шаралар медицина ғылымы мен тәжірибесін дамытуда маңызды рөл атқарады, сонымен қатар әртүрлі мекеме мамандарының тәжірибе алмасуына ықпал етеді. Бұл конгресс басқа қатысушыларының үлкен қызығушылығын тудырды.
Г.Кенжебекова заманауи медицинадағы преаналитиканың маңыздылығына тоқталып, өз ауруханасында деректерді талдаудың жаңа әдістерін енгізу тәжірибесіне тоқталды. Ол сәтті жағдайлармен және преаналитика процесін оңтайландыру бойынша практикалық ұсыныстармен бөлісті. Конгреске қатысушылар Г.Кенжебекованың баяндамасын өте мазмұнды және пайдалы деп бағалады. Олар оның бөліскен құнды білімі мен тәжірибесі үшін ризашылықтарын білдірді және преаналитика саласында одан әрі ынтымақтастық пен тәжірибе алмасуды асыға күтті.
Осылайша, преаналитика бойынша бірінші республикалық конгресс оңтүстік өңірдің медицина саласы мамандары үшін маңызды оқиға болды. Білім және тәжірибе алмасу қатысушыларға біліктіліктерін арттыруға және пациенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік берді.