Түркістан облысына қарасты Бәйдібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының №114 бірлескен бұйрығының негізінде Бәйдібек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының эпидемиологиялық бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы К.Құдайбергенова Бәйдібек ауданы аумағындағы емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлері арасында қызылша, қызамық, дифтерия, сіреспе және полиомиелит жөніндегі санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге байланысты арнайы жиын өткізді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің сондай-ақ емдеу мекемелерінде «Grafana” модуль вакцинация базасына профилактикалық егулермен қамту туралы мәліметтерді ендіру туралы және екпесін өткізіп алған 18 жасқа дейінгі контингенттердің екпемен қамтылуы туралы мәселелер бойынша семинар өткізді. Семинар барысында медицина қызметкерлері тарапынан қойылған бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді. Жиында облыстағы қазіргі эпидемиологиялық жағдай, аталған аурулардың алдын алу және емдеудің негізгі әдістері, сондай-ақ емдеу мекемелерінде санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау қажеттігі талқыланды.
Қ.Құдайбергенова жұқпалы індеттің алдын алу үшін ерте диагностика мен тұрғындарды уақтылы вакцинациялаудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, ол медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында тұрақты түрде оқыту семинарлары мен тренингтер өткізу қажеттігін айтты. Жиынның қорытынды кезеңінде жұқпалы ауруларға қарсы күресті жақсарту және емделушілер мен емдеу мекемелері қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты іс-шаралар жоспары мен шаралар әзірленді.