Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханаға қарасты Қараспан БМСК жалпы тәжрибелі дәрігері А.Асылхан Ауруларды басқару бағдарламасы бойынша «Артериалдық гипертензияның алдын алу» тақырыбы бойынша емханаға келген қаралушыларға семинар өткізді.
Семинарда дәрігер А. Асылхан артериялық гипертензияның дамуын болдырмау үшін дұрыс тамақтану, тұрақты физикалық белсенділік, зиянды әдеттерден бас тарту, салмақты бақылау және қан қысымын үнемі өлшеп отырудың маңыздылығы туралы айтты. Ол сондай-ақ пациенттермен релаксация және стрессті басқару әдістерімен бөлісті, өйткені шаршау мен жүйке кернеуі қан қысымының жоғарылауына ықпал етуі мүмкін. Дәрігер Асылхан артериялық гипертензияны ерте анықтау және дер кезінде емдеу инфаркт, инсульт немесе бүйрек зақымдануы сияқты ауыр асқынулардың алдын алуға көмектесетінін атап өтті. Науқастар осы ауыр дерттің алдын алу туралы пайдалы кеңестері мен ақпараттары үшін дәрігерге алғыстарын білдірді.
Артериялық гипертензия мен жүрек-қан тамырлары патологиясының алдын алу денсаулықты сақтау үшін өте маңызды екендігі белгілі. Артериялық гипертензияның алдын алу физикалық және қозғалыс жүктемесінің ұлғаюын яғни, дене қимылының көп болуы немесе жүру күніне 8-10000 қадамға дейін жаяу жүру қажеттігі ескертілді. Ал, темекі мен алкогольден бас тарту көптеген қауіпті аурулардың алдын алуға сеп болмақ.
Одан бөлек, ас тұзын тұтынудың тәуліктік мөлшерін шектеуді, дұрыс тамақтануды көздейді, өйткені кофені, шоколадты және күшті шайды артық мөлшерде тұтыну, жануар майларын және және қарапайым көмірсутектерді көп мөлшерде пайдалану, тұзды тағамдарды тұрақты тұтыну, артық тамақтану сияқты факторлар ағзаға кері әсер етеді.
Сондай-ақ өзінің салмағын бақылау және дене салмағының артуына жол бермеу, ұйықтау және сергіту режимін сақтау қажеттігі де айтылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы алдын алу жұмыстары, түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады.