Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспары бойынша «Денсаулық сақтау-медициналық көмек пен дәрі-дәрмек алу, емханаға тіркелу» тақырыптарында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
Сарыағаш аудандық орталық ауруханаға қарасты емхана ғимаратында өткен іс шара барысында орталық емхананың психолог, әлеуметтік қызметкерлері, салауатты өмір салты және тіркеу бөлімінің мамандары тарапынан түсіндіру шаралары жүргізілді. Осы шаралармен 46 қызмет алушы тұрғындар қамтылып, қызметті алу барысында туындайтын проблемалық мәселелер бойынша ұсыныс пікірлері тыңдалды. Іс-шараға қатысушылар медициналық көмек алу ережелері, емханаға тіркелу тәртібі, сондай-ақ дәрі-дәрмектерді дұрыс қабылдау және денсаулықтарын бақылау туралы ақпарат алды.
Медициналық қызметтердің қолжетімділігі, медициналық қызмет көрсету сапасы және медицина қызметкерлерімен өзара әрекеттесу мәселелері талқыланды. Қатысушылар емхана жұмысын жақсарту және медициналық көмек алу процесін жеңілдету бойынша өз тілектері мен ұсыныстарын білдірді.
Іс-шара сәтті өтті және қатысушылар медициналық мекемелермен әрі қарай өзара әрекеттесуіне көмектесетін пайдалы білім мен дағдыларға ие болды. Айта кетсек, «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы алдағы уақытта жоспарға сәйкес басқа да салалардағы тақырыптармен жалғасын табатын болады.
Қатысушыларымыз іс-шараның ұйымдастырылуына, ақпараттың сапасы мен мамандармен байланысына риза болды. Алынған білім олардың жұмысында сенімді әрі сауатты болуына көмектесері сөзсіз. Осы іс-шараға қатысқандардың барлығы ашық есік күнінің жақсы өткеніне алғыстарын білдірді. Тиімділігін атап өтті. Алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылса деген тілектерін білдірді.