Түркістан облысында балағынан бала саулаған, алтын құрсақты аналарымен мақтанса болады. Елімізде дүниеге келетін әрбір төртінші бала Түркістан топырағында дүниеге келеді. Оның ішінде Қазығұрт ауданында алтын құрсақты аналар көп. Жуырда аталған ауданнан алты құрсақ көтерген көп балалы ана аман-есен жетінші ұлын дүниеге алып келді. Бүгінде алтын құрсақты ананың жасы 37-де. Құдай қосқан қосағы екеуі өсіп-өнген ұрпағының ортасында бақытты ғұмыр кешіп отыр.
Бұл алтын құрсақты аналар – көп бала туып, өсіріп қана қоймай, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен атқаратын нағыз батырлар. Олардың жанұясы үшін жанкештілігі мен адалдығы құрмет пен қошеметке лайық. Әрбір жаңа туған нәресте қуаныш пен болашаққа деген үміт. Мұндай аналар балаларына өмір сыйлап қана қоймай, оларды сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен өсіреді. Олардың отбасы басқаларға үлгі болып, отбасы құндылықтары мен балаларға деген сүйіспеншілік өмірдің ең маңызды аспектілері екенін көрсетеді. Осындай алтын құрсақты аналарымызбен мақтанамыз, олардың қоғамға, еліміздің болашағына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтамыз. Балалары ата-анадан үлгі алып, дені сау, бақытты, табысты болып өссе деген тілек көп.
Жуырда Қазығұрт аудандық орталық ауруханасының перзентхана бөлімінде Динара Балтаева жетінші нәрестесін дүниеге алып келген болатын. Баланың салмағы 3 710 граммды құраса, бойы 52-см болған. Бүгінде Динара Балтаеваның үлкен ұлы 13-жаста. Алтын құрсақты ананың өзі мектепте психолог болып жұмыс істесе, ал жұбайы жер қатынастары бөлімінің қызметкері. Көпбалалы отбасы бүгінде балаларына жақсы тәрбие беріп, елінің ардақты перзенті болып өсуіне барынша жағдай жасап отыр.
«Біздің перзентхана бөлімінде көп балалы ана жетінші ұлың өздігімен дүниеге алып келді. Салмағы 3 келі 710 грамм. Қазіргі таңда ана мен баланың жағдайы бір қалыпта. Ешқандай қауіп жоқ. Анасы баласын өзі емізіп, жеке бөлмеде жатыр. Жағдайлары жақсы»-дейді акушер-гинеколог Мадина Абдуалиқызы.