Орта буын медицина қызметкерлерінің еңбегі елеусіз емес, тіпті орасан деп айтуға болады. Науқастардың басты көмекшісі медбикелердің қым қуыт қызметі расында мақтауға тұрарлықтай. Ота жасау барысында да басты көмекші, науқастарға укол салу, ем-дом жасауда да еңбектері орасан.
Күні кеше Түркістан облысына қарасты Мақтаарал аудандық “Мырзакент” ауруханасының басшысы Б.Н.Есімханов аурухана медбикелерін елеулі еңбектерін ескеріп, құрмет көрсетті, барша орта буынды мейірбикелерге еңбекте табыстар мен зор денсаулық тіледі. Аурухана қызметкерлерін құттықтай отырып аурухана басшысының және кәсіподақ ұйымы төрағасының Алғыс хаттарын табыстады. Науқастарға сапалы күтім мен қолдау көрсетуде медбикелер маңызды рөл атқаратыны белгілі, олардың кәсібилігі мен күтімі бағалауға тұрарлық.
Барлық орта буын медбикелеріне сәттілік пен мықты денсаулық тілеу олардың жұмыстарының маңыздылығын мойындауды және олардың жұмыстарына деген құрметті көрсетеді. Аурухана басшылығы мен кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарының табыс етілуі – медбикелердің еңбегін лайықты бағалап, құрмет көрсеткені деуге болады. Бұл сондай-ақ олардың игі істерін жалғастыруға және пациенттер мен жалпы қоғамның игілігі үшін барын салуға ынталандырары анық.
Мұндай бастамалар ұжымдағы корпоративтік рухты нығайтуға, ынтасын арттыруға және медицина қызметкерлерінің әрбір мүшесінің кәсіби жетістіктеріне назар аударуға көмектеседі. Бүгінде Мырзакент ауруханасының мейіргерлері жемісті еңбек етуде. Аудандағы тұрғындар науқастанып қалған жағдайда тіпті үйлеріне барып, денсаулықтарын тексеріп, қызмет көрсетеді. Қыстың қақаған суығында, жаздың аптап ыстығында үй аралап, пациенттердің денсаулығын жіті тексеру де оңай емес. Бұл тарапта мейіргерлер өз істеріне асқан жауапкершілікпен қарап, нағыз жанкешті еңбек етеді.