Аурудың өзін емдегенше оның алдын алған абзал, әрине. Ол үшін бүгінде түрлі қауіпті де қатерлі аурулардың алдын алу бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, жуырда Түркістан облысына қарасты ,,Абай,, Келес аудандық ауруханасына қарасты мамандандырылған емхана бөлімінде «ҰҒМО» АҚ мамандар тобы Келес ауданы тұрғындары үшін кеңес өткізді.
Келес ауданы тұрғындарын үшін мамандандырылған емхана бөлімінде «ҰҒМО» АҚ мамандар тобы жүрек-қан тамырлары және бас-ми тамырлары аурулары бойынша көшпелі тегін кеңестер берді. Тұрғындарға кеңестер ғана емес, аталған аурулардың алдын алу және емдеу бойынша ұсыныстар берілді. Сондай-ақ, мамандар тобы салауатты өмір салты, дұрыс тамақтану және дене шынықтыру жаттығулары бойынша тәрбиелік шаралар өткізді.
Бұл бастама Келес ауданының тұрғындары үшін өте маңызды болды, өйткені ол өз аймағынан шықпай-ақ тәжірибелі мамандардан сапалы медициналық ақыл кеңестер алуға мүмкіндік берді. Осындай іс-шараларды ұйымдастыру халықтың медициналық сауаттылығын арттыруға септігін тигізіп, жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға септігін тигізеді. Тұрғындарға тұрақты түрде кеңес алып, денсаулығын қадағалап отыруға көмектесетін осындай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады. «ҰҒМО» АҚ дәрігерлері — дәрігер-кардиолог- А.А. Андақұлова, дәрігер-кардиолог- Л.Б.Мұқанова, дәрігер-кардиохирург- Б.Е.Жаппаров, дәрігер-нейрохирург- Д. Нұртуған қабылдау жасады. Науқастар дәрігерлерге қаралу үшін арнайы тексерулерден өтті. ЭКГ, ЭхоКГ хаттамасы, дискілік коронарлық ангиография және компьютерлік томографиядан өтті.
Барлық науқастар жүрек — қан тамыр жүйесімен мүмкін проблемаларды анықтау үшін кешенді тексеруден өтті. Барлық қажетті процедураларды өткізгеннен кейін дәрігерлер алынған нәтижелерге сүйене отырып, әрбір науқас үшін одан әрі емдеу жоспарын анықтады. «ҰҒМО» АҚ жүрек-қан тамырлары аурулары бар науқастарға білікті медициналық көмек көрсетеді.
Қазіргідей қым қуыт уақытта көпшілік адамдар ұдайы депрессия құрсауына түсіп отырады. Технология орасан зор жылдамдықпен дамып келеді, қоғам өзгеруде, экономика мен саясатта толқулар орын алуда. Мұның бәрі біршама тұрақсыздықты тудырады жүйкеге салмақ салатыны да жасырын емес. Бұл өз кезегінде біршама ауруларды қоздырады. Сондықтан да аурудың алдын алу үшін ақпаратпен «қаруланған» аздық етпейді. Мамандар да мұны қуаттайды.
Қаралушылар нейрохирург маманның қабылдауына жазылу үшін бас миының МРТ түсірілімі және мойын тамырларының УДЗ зерттеуінен өтті. Тегін кеңес алу және тәжірибелі мамандардан білікті медициналық көмек алу мүмкіндігі үшін алғыс айтушылар көп болды. МРТ және УДЗ нәтижелері хирургиялық араласуды қажет ететін ауытқуларды анықтады. Мамандардың тегін кеңесі мен көмегінің арқасында көптеген адамдар қажетті ем қабылдап, салауатты өмірге қайта оралды. Бұл тәжірибелі мамандар тобының адамдардың өміріне нақты өзгерістер енгізе алатынының тамаша үлгісі.