Түркістан облысында биылғы жылы яғни, 2024 жылдың 4 айында 16 640 бала өмірге келген. Бұл өткен жылдарға қарағанда жақсы көрсеткіш. Бала денсаулығын жақсарту мақсатында жыл сайын түрлі іс шаралар ауқымды түрде өткізіліп тұрады. 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыста кішкентай бүлдіршіндерге арналған түрлі іс-шаралар өткізу жоспарланған болатын.
Өңірдегі 30-дан астам медициналық ұйымдар — емханалар, балалар ауруханалары, оңалту орталықтары ашық есік күндерін өткізді. Оған келушілердің қатары да көп болды. Ашық есік күнінде бейінді мамандардың қабылдаулары жолдамасыз жүргізілді, диагностикалық және лабораториялық зерттеулер жасау ұйымдастырылды.
Балалар мен олардың ата-аналары әртүрлі денсаулық мәселелері бойынша, соның ішінде тамақтану, дене белсенділігі, баланың дамуы бойынша мамандардың кеңесін алуға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, көптеген орталықтарда салауатты өмір салты, балаларға арналған ойындар мен ойын-сауық бойынша семинарлар өткізілді. Мұндай іс-шаралар ата-аналардың балаларының денсаулығы туралы хабардарлығын арттыруға және түрлі ауруларды дер кезінде анықтауға және алдын алуға көмектеседі. Кішкентай балалардың денсаулығы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін мұндай іс-шараларды қолдау және дамыту маңызды. Сондай-ақ, сурет салу, топтық арт-терапия, балалар ертеңгіліктері, концерттер және тағы басқа іс-шаралар жоспарланған.
Түркістан облыстық балалар ауруханасында 31 мамыр күні бейінді мамандармен ашық есік күні ұйымдастырылды. Ауруханада ем алып жатқан балаларға сыйлықтар табысталды. Дертіне дауа іздеп келген бүлдіршіндердің көңілін аулап, сый құрмет көрсетті. «Қазақстан халқына» қоры арқылы «Балаларға нейрохирургиялық көмекті дамыту Жол картасы» аясында нейрохирургиялық эндовидеостойка және нейрохирургиялық құрал жабдықтармен жабдықталды. Бұл құрал — жабдықтар нейрохирург дәрігерлердің жұмысын оңтайлы түрде жеңілдете отырып, балалардың өмірін құтқару мен өмірінің сапасын арттыруға өз әсерін тигізеді. Мұндай шаралар халыққа аурухана жұмысын көрсетіп қана қоймай, балаларға сапалы медициналық көмек көрсету үшін құрал-жабдықтар мен құралдардың маңыздылығын атап өтуге мүмкіндік береді. Жақсартылған техникалық жабдықтың арқасында мамандар операциялар мен емдеуді тезірек және тиімдірек орындай алады, бұл балалардың сауығу мүмкіндігін арттырары сөзсіз. Медициналық мекемелерді қажетті құрал-жабдықтармен, құрал-саймандармен қамтамасыз етуде «Қазақстан халқына» сияқты қорлар маңызды рөл атқарады. Осындай қолдаудың арқасында дәрігерлер балалардың өмірін жайлы әрі қауіпсіз ете отырып, олардың денсаулығын сақтап, жақсарта алады.