Арыс аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлері«1-маусым — Халықаралық балаларды қорғау күнін» атап өтті. Балалар күніне арналған мерекелік іс-шараны Бас дәрігерідің орынбасары Ерқозы Батырбеков Тілеуханұлы құттықтау сөзімен бастап, Бас дәрігердің ана мен бала қорғау жөніндегі орынбасары Мақсұтова Гүлжамила Қасымбекқызы, Балалар бөлімінің меңгерушісі Маханова Айгерім Ерланқызы да балаларға деген ақжарма тілектерін жеткізді.
Мереке аясында медицина қызметкерлері балаларды дамытып, көңіл көтеруге бағытталған түрлі ойындар, байқаулар, шеберлік сабақтары мен іс-шаралар өткізді. Әртістер мен аниматорлардың қойылымдары, мерекелік концерт ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ бұл күні балалармен және олардың ата-аналарымен қауіпсіздік ережелері, балалар арасындағы жарақаттардың алдын алу және басқа да маңызды тақырыптар бойынша тәрбиелік мәні бар әңгіме өткізілді. Медицина қызметкерлері балаларға денсаулық, бақыт, оқуда және өмірде сәттілік тілеп, оларға деген қамқорлық пен сүйіспеншіліктерін білдірді. Барлық балалар мерекелік іс-шарадан көптеген жағымды эмоциялар мен әсерлер алды. Арыс аудандық орталық ауруханасының медицина қызметкерлеріне балаларға жасап жатқан істері үшін алғыс айта отырып, зор денсаулық, жоғары кәсіби жетістіктер мен амандық тілейміз десті ата-аналар.
Баласының денсаулығына жауапкершілікпен қарайтын аналар аз емес бүгінде. Олар аймақтық медицина қызметкерлерімен тұрақты түрде кері байланыста болып, профилактикалық егулерін уақытылы қабылдап отырады. Бұл өз кезегінде балаларының дені сау, кез-келген аурудан сақтандырылған, вакциналардың барлығын да алып отырады. Осындай жауапкершілігі зор аналар «Белсенді ана» номинациясымен марапатталды. Оларға арнайы сыйлықтар табысталды. Кәсіподақ ұйымының атынан мүмкіндігі шектеулі балаларға сыйлықтар табыстап, мерекелік іс-шараға белсене қатысып өнерлерін көрсеткен балалар алғыс хатпен марапатталды. Белсенді аналар мен мүгедек балаларды ынталандыруға бағытталған мұндай бастамалар қоғамда салауатты және қолайлы орта құруда маңызды рөл атқарады. Осындай іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп, жақындарымыздың денсаулығына жауапкершілікті арттыруға және ерекше қамқорлық пен ықыласқа мұқтаж жандарға қолдау көрсетеді деген сенім мол.
Осы шара аясында Балалар бөлімінің хирург, неврапотолог, эндокринолог және педиатр дәрігерлерінің қатысуымен Ашық есік күні өтті. Мұндай шаралар негізінде аудандық ауруханада жиі ұйымдастырылып тұрады. Бүгін мерекеге орай кең ауқымды ұйымдастырылды. Ашық есік күні аясында дәрігерлер балалардың денсаулығын жіті тексеріп, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын ұстану бойынша тиісті кеңестерін берді. Балаларының денсаулығына қызығушылық танытқан ата-аналарға да толық мәлімет берілді. Балалар жарақатының алдын алу, вакцинаның тиімділігі туралы толығырақ мәліметтер берді. Дәрігерлер барлық сұрақтарға жауап беріп, түрлі аурулардың алдын алу бойынша құнды кеңестер берді. Балалар мен ата-аналар дәрігерлерге берген кеңестері үшін алғыстарын білдірді. Іс-шара сәтті өтті және барлық қатысушылар өздерінің және балаларының денсаулығын сақтау туралы пайдалы білім алды. Мұндай шаралар аурудың алдын алуда маңызды рөл атқарады және адамдардың өз денсаулығына мұқият болуына көмектеседі. Алдағы уақытта да осындай іс-шаралар өткізіліп, одан да көп адамдар тәжірибелі мамандардан пайдалы кеңестер алады деп сенім мол.