«1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне» орай Түркістан облысына қарасты «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасында «Ашық есік» күні ұйымдастырылды. Аталмыш аурухана базасында «Дені сау бала» кабинеттері жұмыс істейді. Осы кабинеттердің балаларға көрсетер көмегі көп. Балалар мен мектепке дейінгі жастағы балалардың ата-аналар үшін имуннологиялық профилактика, дұрыс тамақтану, жеке гигиена шаралар сақтау бойынша ағарту жұмыстары жүргізілді. Дәрігерлер мен медбикелер балаларды тегін тексеріп, кеңес беріп, иммунитетті нығайту және денсаулықты сақтау бойынша кеңестер берді. Балалардың физикалық және ақыл-ой қабілеттерін дамытуға көмектесетін түрлі ойындар мен шеберлік сыныптары да өткізілді.
Ата-аналар мен балалар ауруының алдын алу және өз денсаулығына қалай дұрыс қарау керектігі туралы көбірек білу үшін ауруханаға шақырылды. Іс-шара өте сәтті және барлық қатысушылар үшін пайдалы болды. Мұндай іс-шаралар балалардың денсаулығы мен оларды қорғаудың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға көмектеседі. Әр баланың дені сау, бақытты болып өсуі үшін мұндай бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
«Ашық есік» күні балаларды алдын ала жазылусыз мамандар қабылдау жасап, диагностикалық тексерулер жасады. Іс-шара барысында балаларды алдымен педиатрлар, содан кейін бейінді мамандар: хирург, стоматолог, невропатолог, психолог мамандарынан тексеруден өтіп, кеңестер берілді. Бағдарламаға сондай-ақ көру және есту қабілетін тексеру, жалпы қан мен зәр анализі, тамақтану және салауатты өмір салты бойынша кеңестер кірді. Ата-аналарға барлық талдау нәтижелері мен мамандардың ұсыныстары берілді. Іс-шара балалардағы әртүрлі аурулар мен ауытқуларды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік берді, бұл емдеуді немесе түзетуді уақытында бастауға мүмкіндік береді. Балалар мен олардың ата-аналары іс-шараға риза болды және мамандарға көрсеткен көмегі мен кәсібиліктері үшін алғыстарын білдірді.
1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Мырзакент» Мақтаарал аудандық ауруханасы мен ауруханаға қарасты атап айтсақ Ақ жол, Дихан, Иржар, Еңбекші, Жеңіс, Алғабас, Достық «Ашық есік» дәрігерлік амбулаторияларда күні өтті. Ашық есік күні балалар Педиатр дәрігерінен тексеруден өтті. Дәрігерлік амбулаторияға келген балалар асфальтта сурет салу ұйымдастырып, жас аналарға «Дұрыс тамақтану ережелері» тақырыбында тамақтануды түзету арқылы денсаулықты нығайту мәлелері бойынша кеңестер берілді. Сондай-ақ вакцинациялау және балалар ауруларының алдын алу бойынша кеңестер берілді. Ата-аналарға педиатрға жүйелі түрде қаралып, қажетті екпелерді алудың маңыздылығы айтылды. Балалар таза ауада уақыт өткізугендеріне қуанышты екендіктерін білдірді, ал аналар балаларына дұрыс тамақтану туралы пайдалы кеңестер алды. Акцияның барлық қатысушылары аурухананың мұндай бастамасына риза болып, ризашылықтарын білдірді.