Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасының мамандары, облыстық, аудандық, қалалық медициналық ұйымдардың басшыларына және емдеу ісі жөніндегі орынбасарларына Жетісай аудандық мәдениет үйінің мәжіліс залында кеңес отырысын өткізді.
Жиында өңірдегі денсаулық сақтау саласын дамытудың өзекті мәселелері талқыланып, облыс тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын арттыру бойынша жоспарлар мен шаралар талқыланды. Медициналық ұйымдардың жұмысын оңтайландыру, еңбек жағдайын жақсарту және медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бойынша ұсыныстар ортаға салынды. Сондай-ақ жұқпалы аурулардың таралуының алдын алу және вирустық инфекциялардың таралуын бақылау жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Кездесуге қатысушылар Түркістан облысының тұрғындарына қолжетімді және сапалы медициналық көмекті қамтамасыз ету үшін барлық деңгейдегі медициналық мекемелердің бірлескен жұмысының маңыздылығын талқылады. Туындаған мәселелерді жедел шешу және медициналық мекемелер арасындағы іс-қимылдарды үйлестіру үшін тұрақты түрде кездесулер өткізу туралы шешім қабылданды. Жиын барысында талқыланған тақырып көп, қатысушылар Түркістан облысының денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында алдағы уақытта ынтымақтастық пен бірлескен жұмыстарға дайын екендіктерін жеткізді.
Күн тәртібінде Түркістан облысы бойынша Конго-Қырым қанды қызбасына қарсы атқарылған алдын алу іс-шаралары туралы, 1 жасқа дейінгі нәрестелердің өлім көрсеткіштері, сондай-ақ облыстағы травматологиялық қызметтің 2024 жылғы 4 айының қорытындысымен таныса отырып, медициналық ұйымдарда пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметтері туралы баяндамалар оқылды.
Сондай-ақ халыққа медициналық көмек көрсетудің сапасын арттыру, дәрігерлік амбулаториялардың жұмысын жақсарту мәселелерін талқылау, сондай-ақ пациенттерді емдеу нәтижелерін жақсарту үшін жаңа технологиялар мен емдеу әдістерін енгізу қажеттілігін талқылау жоспарлануда. Жиын барысында медициналық көмектің тиімділігін бағалау бойынша да талдау жұмыстары жүргізіліп, облыстағы емдеу мекемелерінің жұмысын жақсарту бойынша жоспарлар әзірленді.
Жетісай ауданына арнайы іс-сапармен келген Денсаулық сақтау басқарма басшысының бірінші орынбасары Бауыржан Сатыбалды мырза, медициналық көмек сапасының стандарттарын арттыру мәселесіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Емдеу мекемелерінің жұмысые жүйеленуін тапсырды.