Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері күрделі оталарды сәтті жүзеге асырып жүр. Жуырда аталмыш аурухананың хирургия бөлімінде 1992 жылғы қала тұрғынына кезекті «Өңештің кеңейген тамырларына эндоскопия жолымен байлау» операциясы сәтті жүргізілді. Бұл өз кезегінде науқаста қан кетулер болуын алдын алады. Операцияны аурухананың тәжірибелі хирург, эндоскопист дәрігері О.Джаббаров жасады.
Бұл операция ішкі қан кету сияқты өңештің кеңейтілген тамырларына байланысты асқынуларды тиімді түрде болдырмауға болады. Заманауи эндоскопиялық әдістерді қолданудың арқасында операцияны үлкен кесулерсіз және аз инвазивті әдіспен орындауға мүмкіндік туды. Науқас операциядан тез жазылып, келесі күні ауруханадан шығарылды. Эндоскопист-хирург О.Джаббаровқа кәсіби шеберлігі мен пациенттерге деген қамқорлығы үшін алғыс айтушылар көп. Осындай мамандардың арқасында күрделі операцияларды жоғары тиімділікпен және асқынусыз орындауға мүмкіндік туып отыр.
Қазіргі таңда науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Бұл оталар МӘМС есебінен жүзеге асырылды. Отаны жүргізген аурухананың хирургия бөлімі дәрігерлерінің жұмысы мақтауға тұрарлық. Медициналық орталықтың тәжірибелі дәрігерлерінің арқасында операциядан кейін науқастың жағдайы қанағаттанарлық деңгейде. Жедел және сапалы медициналық көмек үшін аталмыш ауруханаға қаралушылар қатары да көп.
Аурухананың хирургия бөлімінің дәрігерлері бүгінде күрделі оталарды сәтті жүзеге асырып жүр. Бұл өз кезегінде тәжірибелі дәрігерлердің сапалы жұмысының арқасында қол жеткізіп отырған нәтиже. Денсаулық сақшыларының арқасында науқастар жағдайы жақсарып, кіші отандарына оралуда.