Түркістан облыстық балалар ауруханасы барлық емдеу бөлімдері бар, заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған өңірдегі алдыңғы қатарлы бірегей орталық болып табылады. Бүгінде аталмыш ауруханада 912- ден астам қызметкерлер бар, оның ішінде 162 дәрігер, 411 орта буын медицина қызметкерлері жұмыс атқарады. Ауруханада жоғары білікті, өте тәжірибелі, мамандандырылған кадрлар жұмыс істейді. Түркістан облыстық балалар ауруханасында барлық жастағы балаларға сапалы әрі дер кезінде медициналық көмек көрсететін жоғары деңгейдегі мамандар жұмыс істейді. Заманауи құрал-жабдықтар мен инновациялық емдеу әдістерінің арқасында аурухана күрделі оталарды жасап, сирек кездесетін ауруларды емдеуге мүмкіндік алды.
Аурухананың дәрігерлері мен медбикелері медицинаның соңғы жетістіктерінен хабардар болып, емделушілеріне жақсы ем-дом жасау мақсатында үнемі біліктіліктерін арттырып, ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарларға қатысып отырады. Түркістан облыстық балалар ауруханасы – әрбір балаға қажетті көмек пен қамқорлық көрсетілетін, ата-анасы қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен қамқорлығына сенімді бола алатын медициналық мекеме болып табылады.
Биылғы жыл басынан бері облыстық балалар ауруханасында халықаралық және республикалық жетекші мамандардың қатысуымен 10 шеберлік сабағы ұйымдастырылды, балалар кардиохирургиясы бойынша Беларус республикасының мамандарының қатысумен, «University Medical Center» корпоративтік қорының, «Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы» АҚ-ның мамандарының қатысуымен кең ауқымды шеберлік сабақтары ұйымдастырылды. Бұл өз кезегінде аталмыш аурухана мамандарының ғана емес, облыс дәрігерлерінің біліктілігін арттыруда көп көмегін тигізді. Алдағы уақытта шетелдерден білікті мамандарды шақырып қана қоймай, орталық дәрігерлерін шет мемлекеттерде тәжірибеден өткізду жоспарда бар. Бұл өңірдегі балаларға медициналық көмек көрсету сапасын арттыратын тамаша бастама. Шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу және шетелде оқыту дәрігерлердің білімі мен дағдыларын кеңейтуге көмектеседі, бұл түптеп келгенде балалардың денсаулығына оң әсер етері сөзсіз. Осындай шаралардың арқасында балалар арасындағы өлім-жітімді айтарлықтай төмендетуге және әртүрлі ауруларды емдеуге арналған болжамдарды жақсартуға болады.
Аурухананың жалпы медициналық жабдықталу – 70,3 пайызды құрайды. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры облыстық балалар ауруханасын офтальмологиялық скрининг және шала туған ретинопатияны емдеу үшін офтальмологиялық жабдықтармен – линзалармен, офтальмоскоппен және лазерлермен қамтамасыз етті. Өткен жылы жаңа заманауи анестезиологиялық – тыныс алу аппаратымен жабдықталған болатын. Бірегей аппаратқа қол жеткізу де оңайға соқпады. «Жапонияның Canon Medical Systems Corporation компаниясы шығарған Vantage Elan асқын өткізгіш магнитпен магниттік-резонанстық томография (MRI 2020)» жаңа заманауи құрылғысымен жабдықтады. Томограф кез келген зерттеуде жоғары сапалы бейнелеуді қамтамасыз ететін біркелкі магнит өрісі бар магнитті пайдаланады. Соңғы үлгідегі жаңартылған диагностикалық сәулелі, функционалды, эндоскопиялы, биохимиялы, иммунологиялы, аудиометрлі және т.б. диагностикалық жабдықтармен жабдықталған. Бұл жүйке жүйесінің және асқазан-ішек туа пайда болған ақаулықтары бар балаларға жоғарғы дәрежеде медициналық көмек көрсетуге мүмкіншілік береді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына қолдау көрсетіп, аурухананы осындай маңызды құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткеніңіз үшін алғыс айтушылар көп. Осы құралдардың арқасында көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттырып, пациенттерді заманауи құрал-жабдықтармен тексеруден өткізіп, емдеу әлеуеті артатын болады.
Міндетті медициналық сақтандырудың енгізілуімен тегін медициналық көмектен басқа барлық пациенттер неғұрлым қымбат қызметтерге де тегін үміткер бола алады. Сақтандыру пакетіне операциялар мен медициналық қызметтер, тар шеңберлі мамандардан қабылдау, сондай-ақ өмір сүру сапасын арттыруға арналған қызметтер кіреді. МӘМС-ке МРТ, компьютерлік томография, ангиографиялық қызметтер кіреді. Яғни, пациенттер осы қызметтерді тегін ала алады. Бұл барлық азаматтар үшін тамаша жаңалық, өйткені бұл оларға қосымша шығынсыз сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік береді. Міндетті медициналық сақтандырудың арқасында адамдар ауырып немесе жарақат алған жағдайда көмекке жүгініп, қажетті көмекті алатынына сенімді болады. Сондай-ақ, мұндай жүйе салауатты өмір салтын ұстануға шақыратынын атап өткен жөн, өйткені адамдар өз денсаулығының сақтандырумен қорғалатынын біле тұра, оның денсаулығына көбірек көңіл бөлетін болады.
МӘМС аясында тегін қымбат зерттеуді алу үшін тұрғылықты жері бойынша аумақтық емханадан АЕК порталы бойынша облыстық балалар ауруханасына жолдама алу қажет. Жапониялық Hitachi Supria аппаратының компьютерлік томографы (КТ) сәулелік диагностика бөлімшесінде, қабылдау бөлмесінде орнатылды. Бұл сандық жабдықты Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы облыстық көпсалалы балалар ауруханасы үшін сатып алынды. Бұл көп бейінді аппарат: онда дәрігер-радиологтар кішкентай пациенттердің барлық органдары мен жүйелерін қарайды. Supria- 128 тілікке арналған ашық және ықшам КТ. Жақсартылған диагностикалық сапа, жоғары өткізу қабілеті, пациенттерге қамқорлық, жоғары рентабельділік. Жоғары сканерлеу жылдамдығы және жоғары сапалы суреттер көрсетеді. Бұл өз кезегінде кішкентай пациенттерге сапалы қызмет көрсетуге көп септігін тигізіп отыр. Осы аппараттардың арқасында сапалы медициналық қызметтер көрсетіліп, емдеудің жоғарғы нәтижелеріне қол жеткізілуде. Алдағы уақытта облыстық балалар ауруханасына тағы да заманауи құрал жабдықтар алынатын болады. Бұл балаларды диагностикалау мен емдеуді айтарлықтай жақсартады, дәлірек және тиімді емдеуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, заманауи құрал-жабдықтар қабылдаулар мен процедуралар үшін күту уақытын қысқартады, бұл жас пациенттердің ауруханада жайлы болуына ықпал етеді.
Балалардың денсаулығына қамқорлық жасау кез келген қоғамның басым бағыттарының бірі болып табылады, ал балалар ауруханасындағы құрал-жабдықтарды жаңарту балаларға жоғары деңгейде медициналық көмек көрсетудің маңызды қадамы болып табылады. Облыстық балалар ауруханасына жаңа технологиялар мен құрал-жабдықтарды енгізу көзге түсетін нәтиже беріп, балалардың сапалы әрі дер кезінде ем алуына мүмкіндік берері сөзсіз.