Адам өмірін сақтап қалу – дәрігерлердің ең басты міндеттерінің бірі, олардан барынша күш пен кәсібилікті талап етеді. Күн сайын бүкіл әлем бойынша мыңдаған адамдар медицинаның әртүрлі салаларында — терапиядан хирургияға дейін дәрігерлердің көмегіне жүгінеді. Және бұл дәрігерлер күн сайын күтпеген жағдайларға тап болады, олардың күш-жігері мен білімі пациенттің өмірін сақтап қалуда шешуші роль атқарады.
Медицина қызметкерлері туындаған мәселелерге тез жауап беріп қана қоймай, адамның болашақ өміріне әсер ететін қиын шешімдер қабылдауға мәжбүр. Олар ең күрделі операцияларды орындайды, түнгі ауысымға ұйқысыз және демалмай жұмыс істейді және әрбір секунд шешуші рөл атқаратын төтенше жағдайларға тап болады. Әрине, дәрігерлер әр адамның өмірін сақтап қала алмайды, бірақ ол үшін барын салады. Олар тәуекелге барады және шаршау мен күйзеліске қарамастан әрбір пациент үшін күреседі. Олардың кәсібилігі мен адам өмірін құтқаруға деген адалдығы үлкен құрметке лайық. Өмірді құтқару — бұл емдеу және денсаулықты қалпына келтіру процесі ғана емес, сонымен қатар дәрігер үшін керемет эмоционалдық ауыртпалық. Олар әрбір жоғалтуды, әрбір бақытсыз оқиғаны, құтқарылу үмітін тудыратын әрбір пациенттің сезімін бастан кешіреді.
Медицина қызметкерлері күн сайын басқалардың өмірін сақтап қалу үшін өз өмірлерін қатерге тігетін, біздің заманымыздың нағыз қаһармандары. Олардың күш-жігері мен адалдығын бүкіл қоғам мойындауы және бағалауы керек.
Күні кеше түркістандық алтын қолды дәрігер кішкентай сәбидің өмірін сақтап қалды. Түркістан облыстық балалар ауруханасының дәрігер-эндоскописты Бабуржан Рахманқұлов 1 жас 3 айлық баланың өмірін сақтап қалды. Кішкентай сәбилер алдымен айналамен танысуды ауызға салу арқылы байқап көрмей ме? Не болса соны аузына салып, ақыр аяғында ауыр зардаптарға әкеп соғып жатады. Ауруханаға түскен кішкентай пациент те аузына салған заттан қақалып қалған, яғни тыныс алу жолдарына бөгде зат тұрып қалған. Баланың анасының айтуынша бала кешкі сағат 22:00 шамасында полиэтилен пакетімен ойнап отырып, тұншыға бастаған. Жөтелден кейін өкпесінде сырылдар пайда болып, дем ала алмай қалған. Көгеріп, сазарып қалған баланы тез арада жедел жәрдеммен «Мақтарал» аудандық орталық ауруханасына жеткізілген. Тыныс алуы қиындап, тұншығу синдромы бар бала ауыр халіне байланысты бірден жансақтау бөліміне жатқызылды. Баланы жоғалтып алу қауіпі де жоғары болатын. Дегенмен баланы санитарлық авиация желісі арқылы облыстық балалар ауруханасының балалар торакальды хирургы мен реаниматологы ауруханаға ауыстырылды. Дәрігерлер тез арада шұғыл түрде зерттеулер өткізіліп, бронхоскопия арқылы сол жақ негізгі бронхтан тауықтың сүйегі алынды. Ауыр қауіптің бұлты сейілді. Дәрігерлердің нәтижелі әреетінің арқасында баланың денсаулығы қалыпты жағдайға түсті. Баланың саулығы үшін қатты алаңдаған анасы ақ халаттыларға алғысын жаудырды.