Бүгінде бас және мойын ісіктерінің алдын алу бойынша іс-шаралар қарқынды түрде өткізілуде. Бұл қатерлі аурулардың алдын алуда көмегі көп шара болып отыр. Күні кеше Түркістан облысы Облыстық клиникалық ауруханасының онкологиялық орталығында «Ашық есік күні өткізілді». Шара барысында 12 пациент қаралды, оның ішінде 1 пациентте қатерлі ісікке күдік анықталды, 4 пациентте басқа аурулар анықталды. Ауруды ерте баста анықтаудың маңызы әрине зор.
Ерте емделудің арқасында науқастардың өмірін сақтап қалу мүмкіндігі жоғары болмақ. Тексеру барысында пациенттерге қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуі жүргізілді. Денсаулығына жіті көңіл бөлетін тұрғындар ашық есік күніне орай тексерілуге арнайы келген. Жыл сайын өз денсаулықтарын ойлап толық тексерілуден өтіп тұратындардың қатары қалың емес. Дегенмен бұл жолғы ашық есік күні өтетіндігі туралы хабарландыруды естіп, арнайы келгендердің біраз болды.
Онкологиялық диспансерде «Ашық есік күнін» ұйымдастыру онкология проблемалары мен ерте диагностиканың маңыздылығы туралы халықтың хабардарлығын арттыруға көмектесетін маңызды шара болып табылады. Мұндай бастамалар онкологиялық аурулардың алдын алу мен бақылауға ықпал етеді және медициналық көмекке қол жеткізу қиын болуы мүмкін адамдарға скринингтік мүмкіндіктер береді.
12 науқасты тексеру және олардың бірінде қатерлі ісікке күдік барын ерте анықталғаны дәрігерлер үшін де, науқас үшін де маңызды. Емдеу шараларын ерте бастаудың тиімділігі де көп. Мұндай іс-шаралардың маңыздылығы расында да айтарлықтай. Қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуі әртүрлі ауруларды ерте анықтауға көмектесетін инвазивті емес әдіс болып табылады. Бұл денсаулық сақтау мекемелерінің қоғаммен өзара әрекеттесу және денсаулық сақтауды қамтамасыз етудің жарқын мысалы.