Медицина қызметкерлері күніне және Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық ауруханасының құрылғанына 60 жыл толуына орай “Мәдениет үйінде” мерекелік шара болып өтті. Ширек ғасырдан астам халық денсаулығын сақтауға мол үлес қосып келе жатқан емдеу мекемесінің мерейлі мерекесін тойлауға қатысушылар көп болды.
Медицина қызметкерлері күнін және бір мезгілде Ордабасы аудандық орталық ауруханасының 60 жылдық мерейтойын атап өту денсаулық сақтау саласының маңыздылығын және осы салада еңбек етіп жүргендерді көрсететін маңызды сәт болып табылса керек. Медицина қызметкерлері қауымдастықтардың денсаулығы мен әл-ауқатын сақтауда маңызды рөл атқарады және осы сияқты іс-шаралар олардың үлестерін көрсетуге көмектеседі. Аталған шараға Ордабасы ауданының әкімі
Азат Оралбаев, аудандық мәслихатының төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев қатысып, кәсіби мерекемен құттықтады. Өз кезегінде аудан әкімі өмірлік кәсіптеріне адал бола білген, медицина саласын дамыту жолында ерен еңбек еткен бірқатар ақ халатты абзал жанға алғыс жариялап, ықылас гүлін табыс етті.
Аудан әкімі медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдіре отырып, олардың тынымсыз еңбектері мен кәсіпке деген адалдықтарын бағалап қана қоймай, олардың қоғамға қызмет етуінің маңыздылығына тоқталды. Ізгі ниет гүлдерінің табысталуы барлық медицина қызметкерлеріне лайықты құрмет пен ризашылықты білдіреді. Бұл олардың күнделікті күш-жігері мен адалдығы қоғамның дамуына қызмет етіп жатқан қажырлы еңбектеріне деген құрмет болып табылады. Шарада облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының, Ұлттық ғылым академиясының академигі, Республиканың бас хирургы, Ордабасы ауданындағы аурухананың соғылуына зор ықпал еткен азаматтардың бірі Болатбек Баймахановтың, Медицина ғылымының докторы, профессор, Академик, Алматы көпсалалы ауруханасының бас директоры Жұмағали Исмаилов мерекелік құттықтаулары жеткізіліп, ықылас гүлдері сыйға тартылды. Болатбек Баймаханов, Жұмағали Ысмайылов сынды ардақты тұлғалардың мерекелік құттықтауы шараға ерекше мән беріп отыр. Олардың медициналық инфрақұрылымды, жалпы денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі баға жетпес. Олардың еңбегі мен жетістіктері үшін алғыс пен құрмет артықтық етпейтіні белгілі. Ширек ғасырдан бері халық денсаулығын жақсартуға үлес қосып келе жатқан емдеу мекемесін мерейлі мерекесімен құттықтап жатқандардың қарасы қалың болды. Осы салада еңбек етіп жүрген ардагерлер де ардақталды. Ордабасы аудандық ауруханасының тыныс-тіршілігін көпшілікке насихаттап жүрген бірқатар БАҚ өкілдері де марапатқа ие болды.
Салтанатты мерекелік шараның соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.