Бүгінде ел алғысына бөленіп жүрген ақ халатты абзал жандар аз емес. Гиппократ антына адалдық танытып, алдына келген әр науқасты жіті тексеріп, дертіне сай емдеп жазып, ісімен ғана емес, сөзімен де жәрдем беретін денсаулық сақшыларының көптігі қуантады. Шынында да, денсаулық сақтау мамандары біздің қоғамда, әсіресе осындай уақытта маңызды рөл атқарады. Олардың мамандыққа деген адалдығы мен еңбекқорлығы құрмет пен алғысқа лайық. Олар ауруларды емдеп қана қоймайды, сонымен қатар емделу процесінің ажырамас бөлігі болып табылатын пациенттердің рухын сақтайды. Олардың еңбегі мен үлестерін мойындаған жөн. Күн сайын денсаулық сақтау саласының алдыңғы шебінде тұрған барлық медицина қызметкерлері не алғыс айтушылардың қарасы көп. Осындай алғысқа бөленіп жүрген жандардың бірі
- Түркістан облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығының дәрігер эпидемиологы –Құмашев Бекмұрат Берікбайұлы. Әріптестерінің алдында үлкен абыройға ие дәрігер сонымен қатар айықпас дертке шалдыққан науқастардың да ықыласын ие дәрігер. Өзбекстан республикасында дүниеге келген Бекмұрат Берікбайұлы мектепті 2012 жылы аяқтап, 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан Медицина Академясына оқуға түсіп, 2019 жылы бітірген. 2019 жылдан бастап Түркістан Облыстық АИТВ инфекциясының алдын алу орталығында «Профилактикалық жұмыстар» бөлімінде дәрігер эпидемиолог болып қызмет атқарып келеді. Мамандығына деген махаббатының арқасында бүгінде үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Оқу орнын үздік аяқтаған маман бүгінде алған білімінің нәтижесін көрсетуде. Ол ғасыр дертіне шалдыққан әр науқасқа ерек көңіл бөліп, дертіне шипа табуына барын салады. Науқасқа медициналық та, рухани да күш сыйлап, жан жақты емдеу шараларын жүргізеді.