Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында А.-ға қатысты қылмыстық іс қаралып, аяқталды. А. ҚК-нің 301-1-бабының 1-бөлігімен (шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату) айыпталған.
Сотталушы «Mobilon» ұялы байланыс телефондарын сататын дүкенінде сатушы қызметін атқару барысында шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы, заңға қайшы екенін біле тұра «ELFBAR» атты маркалы 1 дана электронды темекісін 15 000 теңгеге сатқан.
Сотталушының кінәсі өзінің, куәлердің жауаптарымен, айғақты затты алу хаттамасымен, маманның қорытындысымен және басқа да іс бойынша жинақталған дәлелдемелердің жиынтығымен толық дәлелденеді.
Прокурор сотталушы А.-ға 100 (жүз) сағатқа қоғамдық жұмысқа тарту түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Сотталушы кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіріп, жеңіл жаза тағайындауды сұрады.
Сот, сотталушының қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін мән-жайлар ретінде кінәсін толық мойындап, істеген іс-әрекетіне шынайы өкініш білдіргенін ескерді. Іс бойынша оның жауаптылығы мен жазасын ауырлататын мән-жайлар жоқ деп тапты.
Сот, А.-ны ҚК-нің ҚК-нің 301-1-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, 100 (жүз) сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза тағайындады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.