Шымкентте алимент төлемеген 3 мыңнан астам борышкер бар. Олардың қарызы 4 млрд. теңгеден асқан. Өткен жылы берешектің тек 1 млрд. теңгесі өндірілген. Ал алимент төлемеген 31 әке қылмыстық жауаптылыққа тартылған. Перзенттеріне тиесілі қаржыны төлемегендер арасында 14 млн. теңгеге жуық сома төлмегендер де бар, деп хабарлайды Отырар.кз.
Шымкентте алимент төлемеген әкелер саны 3 мыңнан асты. Олардың балаларына берешек сомасы 4 млрд. 180 млн. теңгеге жеткен.Перзенттеріне қарызын жылдап төлмегені үшін сот орындаушысының қаулысымен айқындалған ең көп алимент берешегі 13 млн. 742 мың теңгені құраған. 2024 жылы 31 борышкер Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша кінәлі деп табылып, сотталған.
Бауыржан Мырзалиев, Шымкент қалалық прокурорының көмекшісі: «2024 жылы 305 борышкер әкімшілік жауапқа тартылды. Оның ішінде 70 пайыздан астамы әкімшілік қамаққа алынды. Бұл деген айыппұл төлеумен құтылған жоқ борышкер, алимент төлемедуі салдарын сезіну үшін қамаққа алынды».
Әйелінен ресми түрде ажырасқандар баласының қажеттілігін қамтамасыз ете алмауына әртүрлі себеп айтады. Бірақ, бұл борышкерді қарызынан құтқармайды. Өткен жылы сот орындаушылары 1 млрд 12 млн. теңге алимент берешегін өндірген. Алимент төлейтіндердің 181-і әйелдер, олар алиментті балалар үйіне төлейді. Бүгінгі таңда 71 әйелдің 100 млн. теңгеге жуық қарызы бар.
Сания Жарқынбекқызы, жеке сот орындаушы: «Атқарушылық іс құжатымен танысқаннан кейін оларға ұсыным беріледі, талап етіледі. Олар хабарламаларға немқұрайлы қарайтын болса, онда 3 ай өткеннен кейін сот орындаушы алимент берешегін өндіріп алушының арызы негізінде есептеп шығарады. Қылмыстық жауапкершілік үшін құжаттар болады, ол міндетті түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылуы, егер оның атына көлік жүргізу куәлігін құжаты болса, оны да тоқтатуға біз міндеттіміз».
Өткен жылы 31 борышкер алимент төлеудің орнына букмекерлік кеңселерде ақша тіккені анықталған. Қазіргі таңда оларды жауапқа тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр дейді мамандар. Айта кетейік, перзенттеріне тиесілі қаржыны төлемегендер арасында ең үлкен қарыз сомасы 14 млн теңгеге жуық.