Республикалық маңызы бар Алматы-Ташкент тас жолында патрульдік экипаждың көмегіне әйел жүгінді. Ол ұлының басына шкаф түсіп кетіп жараланғанын, оны жолдасының көлігімен тездетіп ауруханаға жеткізе алмай жатқанын жеткізді.
Инспекторлар ақпаратты алған бойда жедел әрекет етіп, анасы мен ұлын қызметтік көлікпен Түлкібас ауданындағы медициналық мекемеге жеткізді.
Полицейлердің көмегіне риза болған әкесі тәртіп сақшыларына шын жүректен алғысын білдірді. Оқиға орында болған қызмет инспекторлары А.Жалғасбеков пен Е.Ерікбайұлы. Қазіргі жағдайда баланың жағдайы жақсы.