
фото culture.ru
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында кәмелетке толмаған баланың заңды өкілі Б.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 133-бабының 1-бөлігімен (он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуы) іс қаралды.
Сотта анықталғандай, 2025 жылы 27 қаңтар сағат 16:30 шамасында Шымкент қаласы, Теріскей шағын ауданында орналасқан дүкен сатушысы 2007 жылғы 21 ақпанда туған кәмелетке толмаған А., жасы кәмелетке толмаған сатып алушыға 1 дана темекіні сатқаны анықталған.
Яғни, құқық бұзушы Б. дүкен иесі және дүкен сатушысы кәмелетке толмаған А.-ның заңды өкілі ретінде жасөспірімнің темекі сатуға жол бергені анықталды.
Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен, полиция қызметкерлерінің баянаттарымен және тағы басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденген.
Сот, Б.-ға ӘҚБтК-нің 133-бабының 1-бөлігімен 41 286 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл жазасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енген.