
фото ТОПД
Соңғы уақытта алаяқтар заманауи технологияларды, соның ішінде жасанды интеллектіні кеңінен пайдаланып жүр. Олар банк, құқық қорғау органдары немесе туыстарыңыздың атынан хабарласып, шынайы адамның дауысын дәл салып, сеніміңізге кіруге тырысады.
Тіпті Deepfake технологиясын қолдана отырып, танымал тұлғалардың немесе жақын жандарыңыздың бейнесін шынайы етіп жасап, бейнеқоңырау шалу арқылы алдауға дейін барады. Мұндай әдістерді қолдану – адам психологиясына әсер етіп, тез шешім қабылдауға мәжбүрлейді.
Полиция қызметкерлері күмән тудыратын хабарламалар мен қоңырауларға аса мұқият болуға кеңес береді. Эмоциясыз дауыс, қисынсыз сөйлемдер мен асығыс әрекетке итермелейтін сөздер – алаяқтардың айқын белгілері.
Есіңізде болсын: жеке деректеріңізді – ЖСН, банк шоты, құпиясөздер мен SMS арқылы келетін кодтарды ешкімге бермеңіз. Ақпаратты тек ресми және расталған дереккөздерден алыңыз.