
фото ШПД
Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері 19 тамызда жедел іс-шаралар жүргізу барысында өз автокөлігінде есірткі заттарын тасымалдаған ер адамды ұстады.
Күдіктінің көлігінің жүксалғышынан жалпы салмағы 14 келіден асатын «кептірілмеген марихуана» есірткі заты табылды.
Сондай-ақ, 15 тамызда синтетикалық есірткі заттарының заңсыз айналымын әшкерелеуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын ұсталды.
Тексеру кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан жалпы салмағы 400 грамнан асатын психотроптық заттар анықталып, тәркіленді.
Аталған жайттар бойынша қылмыстық істер қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.
Күдіктілер қамауға алынды.