
фото Ернұр.кз
Шымкент қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында А.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 434 — бабы 1-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.
А. 2025 жылдың 4 қыркүйек күні сағат 19:40 шамасында «Арбат» аллеясында, яғни қоғамдық орында бутиктің шыны есігін аяқпен теуіп, ішіне кірген соң гүлді сыртқа лақтырып, көтеріңкі дауыспен сөйлеп, айналасындағыларға сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын іс әрекетті жасаған.
Құқық бұзушының кінәсі іс-құжаттарымен қоса, өзінің берген түсінігімен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасымен және тағы басқа да іс бойынша жинақталған құжаттармен толық дәлелденіп, аталған мән-жайларға сүйене отырып, құқық бұзушының жауаптылығын жеңілдететін мән-жайлар оның кәмелет жасына толмаған баласы барын, ал жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар анықталмағанын ескеріп, сот А.-ны ӘҚБтК-нің 434- бабының 1 — бөлігімен кінәлі деп тауып, оған жиырма айлық есептік көрсеткіш, яғни 78 640 теңге мөлшерінде айыппұл жазасын тағайындады.