
фото time.kz
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты талап қоюшы «Қиын өмірлік жағдайдағы балаларды қолдау орталығы» КММ-нің жауапкер Г.-ға қатысты ата-ана құқығын шектеу және алимент өндіру туралы талап қою бойынша азаматтық ісін қарады.
Талап қоюшы өз талабында жауапкердің кәмелетке толмаған ұлы Г.-ның мектеп әкімшілігінің шағымдарына сәйкес, дәлелді себептерсіз жүйелі түрде сабақтарды қалдырып, оқу орнының ішкі тәртібіне бағынбағанын, сондықтан осы мекемеге орналастырылған. Сонымен қатар, жауапкердің ата-ана міндеттерін орындаудан іс жүзінде бас тартқанын және материалдық көмек көрсетпейтіні туралы жазған.
Жауапкер талапты мойындап, алимент төлеуге келісті.
Соттың шешімімен, талап қою қанағаттандырылды.
Жауапкер Г.-ның ата-ана құқығы шектелді, жауапкерден 2008 жылы туған кәмелетке толмаған ұлының асырауына оның жалақысының немесе өзге де табысының ¼ бөлігі мөлшерінде алимент өндірілді.
Сот шешімі заңды күшіне енген.