
фото ТОПД
Республика көлемінде өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» шарасы бойынша Сауран аудандық полиция бөлімінің полицейлері аудан аумағында профилактикалық жұмыстарды күшейтілген күн тәртібінде атқаруда.
Рейдтік шаралармен қатар халық арасында кең көлемді түсіндіру жұмыстары да жүргізілуде. Полицейлер жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол ережесін қатаң сақтаудың маңызын ескертіп, парақшалар таратуда және заңға құрметпен қарауға шақыруда.
Іс-шараның алғашқы тәулігінде автокөлікті масаң күйде басқарған 2 автокөлік жүргізушісі және жалған автокөлік номерін таққан 2 жүргізуші мен қарсы бағытқа шыққан 3 автокөлік жүргізушісі анықталып іс құжаттары сотқа жолданды.
«Қауіпсіз жол» акциясы қыркүйек айының соңына дейін жалғасады. Полиция қызметкерлері Сауран ауданының тұрғындары мен қонақтарын жол қозғалысы ережелерін сақтап, өзге қатысушыларға құрметпен қарауға шақырады.