 
                фото ТОӘБҚ
Түркістан әуежайында Airbus A330 жүк рейсінің техникалық тоқтаулары басталды
Халықаралық Түркістан әуежайы (HSA/UAIT) Fly Meta әуе компаниясымен Венгрияның Hungary Airlines Cargo авиакомпаниясының Airbus A330 ұшақтарына қызмет көрсету туралы келісім жасасты.
Ұшулар маршруты: Синьцзян (ҚХР) – Түркістан – Будапешт (Венгрия). Аптасына 5 рейс. Ұшулардың негізгі мақсаты – техникалық тоқтаулар, отын құю және экипажды ауыстыру.
Бұл Түркістанның халықаралық транзиттік орталық ретінде мәртебесін нығайтады және халықаралық ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.

 
                     
                     
                     
                     
                    