фото ТОПД
Келес ауданының учаскелік полиция инспекторлары қызметтік міндеттерін атқару барысында жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған мопед жүргізушісін тоқтатпақ болды. Алайда ер адам полицейлердің заңды талабына бағынбай, қашып кетуге әрекеттенді. Жүргізушінің бұл әрекеті жол қозғалысы қауіпсіздігіне елеулі қауіп төндірді.
Тексеру барысында оның бұған дейін сот шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылғаны белгілі болды. Соған қарамастан, азамат заң талаптарын елемей, көлік басқаруды жалғастырған. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
