фото ШӨКҚ
Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) жергілікті бюджеттер есебінен ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне біржолғы материалдық көмек көрсетті. Мереке аясында Қазақстанда тұратын ҰОС ардагерлерінің әрқайсысына 5 млн теңгеден (10 мың доллардан астам) төленді.
Жалпы алғанда, әкімдіктер тарапынан берілген мерекелік төлемдер 32,9 мың адамды қамтыды. Олардың қатарында ҰОС ардагерлері, сондай-ақ Жеңіске үлес қосқан өзге де азаматтар бар (тыл еңбеккерлері, қаза тапқан жауынгерлердің жесірлері, жарақат, контузия немесе мертігу салдарынан қайтыс болған мүгедектігі бар адамдардың жұбайлары және т.б.).
Сонымен қатар республикалық бюджет есебінен зейнетақы және өзге де әлеуметтік төлемдер көлемі жыл сайын артып келеді. Қаржылай көмектен бөлек, ардагерлерді қолдаудың бірыңғай жүйесі қалыптасқан.
