фото ШПД
Шымкент қаласында полиция қызметкерлері TikTok әлеуметтік желісіндегі «Moldirmonika94» аккаунты арқылы тікелей эфирлер жүргізген 32 жастағы жергілікті тұрғын М.Е-ны анықтады.
Тексеру барысында әйелдің тікелей эфир кезінде құқыққа қайшы мазмұндағы материалдар жариялағаны, сондай-ақ көрермендерден ақша аударуды сұрағаны анықталды. Қаражатты аудару үшін басқа тұлғаға тиесілі телефон нөмірі пайдаланылған.
Жүргізілген тексеру нәтижесінде М. Е әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Полиция азаматтарға әлеуметтік желідегі жариялылық жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Тікелей эфир барысында жасалған құқыққа қайшы әрекеттердің барлығына заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі.
