ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНА МАМАНДАРЫ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ КҮШЕЙТІЛГЕН РЕЖИМДЕ ЖҰМЫС ІСТЕУДЕ
Қауіпті індетке қарсы күресу жұмыстары Әуежай, ХҚКО, қала сыртындағы бекеттерінде және қоғамдық орындарда жүргізілуде.
Қазір БМСК ұйымдарының медициналық қызметкерлерімен кезекшілік ұйымдастырылды.
11 ХҚКО дәрігерлердің қатаң бақылауында. Мамандар келген азаматтардың барлығын үздіксіз тексерістен өткізіп жатыр.
Сонымен қатар, қалаға кіретін автожолдардағы 4 бекетте медициналық қызметкерлер кезектілікпен жұмыс істеуде.
Атап айтқанда;
1 . Бозарық тас жолында
2. Алматы тас жолында
3. Бадам көпір тас жолында
4. Шымкент-Ташкент тас жолында