Әлеумет Омикронның шаш арқылы жұғуы мүмкін бе? Редактор 21.01.2022 14433 1 оқу мин WhatsApp мессенджерінде коронавирустың «омикрон» штамы адамнан адамға шаш арқылы жұғатыны туралы дыбыстық хабарлама тарауда. Алайда бұл ақпарат жалған, деп хабарлайды Stopfake.kz. Алдымен Sars-CoV-2 вирусының басқа нұсқалары сияқты омикрон да адамның шашында болуы мүмкін екендігін атап өтейік. Алайда, мұндай бетте патогендер өте қысқа ғана уақыт өмір сүреді және осылайша ауру жұқтыруыңыз екіталай. Бұл тиісті ғылыми зерттеулермен расталған. – SARS-CoV-2 коронавирусы және оның барлық нұсқалары ауа-тамшы жолдарымен, тыныс алу, жөтелу және түшкіру арқылы беріледі. Сондықтан біз әлеуметтік қашықтықты сақтау, адамдар көп жиналатын орындарға бармау, бетперде тағу қажет деп айтамыз. Коронавирустық инфекцияның алдын алудың ең тиімді әдістері вакцинация және ревакцинация болып табылады, – деді Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев. Айта кетейік, ғалымдар үй жануарлары түгі арқылы вирусты таратуы мүмкін бе деген сұрақты да зерттеді. Нәтижесінде сарапшылар патогеннің бұл жолмен таралуы екіталай деген қорытындыға келді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9034 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861