Әлеумет Асхана ашамын деп 3 млн. теңгесінен айырылды Редактор 22.01.2022 15777 1 оқу мин Шымкенттік тұрғын алаяқтық жайтын ашқан тәртіп сақшыларына алғыс айтты Шымкент қаласы Полиция департаменті Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Жәбірленушінің айтуынша, танысы асхана ашатын орын алып беремін деп, сенімін теріс пайдалану арқылы 3 млн теңгесін алған. Алайда арада біршама уақыт өтсе де телефонға жауап бермей ізін суытқан. Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру бойынша тіркеуге алған. Тәжірибелі мамандардан құрылған жедел-тергеу тобы тұрғынды арбауына түсірген алаяқты ұстауға қажетті шараларды жасады. Куәлардан жауап алу барысында, жинақталған ақпарат көздері арқылы азаматтың жеке басы анықталып, Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жеткізілді. Ұсталған азамат жергілікті тұрғын екені белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде, жергілікті тұрғын тәртіп сақшыларына шынайы алғысын жеткізуде. Шымкент қаласының полицейлері азаматтарға алаяқтардан барынша сақ болуға шақырады. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада «102» арнасына хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 1 оқу мин Әлеумет «Ұлттық қор — балаларға»: Әр баланың шотына 130,71 доллардан аударылды 02.02.2026 15907 Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 1 оқу мин Әлеумет Овербукинг үшін айыппұл төлеуге мәжбүр болды 28.01.2026 24438 Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 40 млн. теңгеден астам көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар дроповод ұсталды 27.01.2026 29813