Әлеумет Құрылыс алаңында бетон плита жалдамалы жұмысшыны басып қалды Редактор 22.01.2022 15591 1 оқу мин Бүгін Шымкентте «112» Құтқару қызметінің пультіне бұрынғы көкөніс базасының аумағында бетон плита опырылып құлағаны туралы қамқоршы жолаушыдан хабар түсті. Оқиға орнына Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің 6 құтқарушысы мен қызметкерлерінен тұратын жедел-құтқару жасағы Еңбекші ауданы, Сасбұқаев көшесі бойында аттанды. Келген құтқарушылар бұрынғы «Көкөніс базасы» аумағында «Кулиев» ЖК-не тиесілі сауда үйінің құрылысы кезінде 400 шаршы метр аумаққа бетон плиталардың төбесі опырылып түскенін анықтады. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданының тумасы 37 жастағы жалдамалы жұмысшы оқиға орнында көз жұмды. Ол бетон плиталардың астында қалған. Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері марқұмның денесін үйінді астынан шығарып алды. Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің екі қызметкері, 6 қызметкер, 1 бірлік техника, ОСО-ның 1 кинологы, Апаттар медицинасы орталығы филиалының бір бригадасы жұмыс істеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9034 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861