Әлеумет Тендерді ұту құны 5 миллион теңге ме? Редактор 24.01.2022 19886 1 оқу мин Төлеби АПБ-ға арызданып келген жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғандығын жеткізді. Жәбірленушінің айтуынша , оны 2021 жылдың наурыз айында алыс танысы тендер беремін деп, әр түрлі сендіретін сөздер айтып 5 000 000 теңгесін алған. Алайда жылға жуық уақыт аралығында түрлі сылтаулар айтқан танысы не ақшасын қайтармайды, не берген уәдесін орындамайды. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚК 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеді. Төлеби АПБ-ның тәжірибелі тәртіп сақшылары тұрғынды алдап, ақшасын алып кеткен күдікті әйелді анықтау мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікті ретінде жергілікті тұрғынды анықтап ПБ-ға жеткізді. Белгілі болғандай, күдікті алаяқтықпен алған ақшаны өз қажеттілігіне жаратып жіберген. Тәртіп сақшылары әйелдің бұдан басқа тағы бір азаматты 1 миллион теңгеге сан соқтырған алаяқтық қылмысы барын растады. Қазіргі таңда орта жастағы әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда. Бүгінгі таңда алаяқтың арбауына түсіп, соңында полицейлердің көмегіне жүгініп жатқандар көбеюде. Сондықтан Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері мұндай алаяқтардан мүмкіндігінше сақ болып, кез-келген адамға артық сенім білдірмеу керектігін ескертеді Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9034 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861