Әлеумет Утилизацияның басшысы ұсталды, орынбасары шәйнектің сымымен асылып өлді Редактор 26.01.2022 24809 1 оқу мин «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев шәйнектің сынымен асылып өлген. Осыған дейін ультиалымға жауапты болған мекеме «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиев қайтыс болды, деп хабарлайды Экспресс К. Telegram-дағы Kozachkovv арнасының жазуынша, елорда полицейі қазіргі кезде тергеуді бастаған. Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаменті «ӨКМ Операторы» ЖШС-ның құқықтық мәселелер бойынша басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің өліміне қатысты тергеуді бастады. Алдын-ала нұсқасы — суицид. Өз-өзіне қол жұмсаған, — деп жазды ол. Руслан Шәмшиев бұл қызметке өткен жылы тағайындалған. Оған дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында жұмыс істеген. Кейіннен Полиция департаменті ақпаратты растады. Михаил Козаачковтың жазуынша, Руслан Шәмшиев жұмыс орнында электр шәйнегінің сымымен асылып қалған. Сонымен қатар, бүгін осы мекеменің директоры Медет Құмарғалиев қамауға алынды. Онымен бірге Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов та ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ресми түрде хабарлады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 10283 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 9034 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 9861