Әлеумет Қайрат Нұртас пен Айнұр Тұрсынбаева «Дикий Арманның» әрекетін неге қайталады? Редактор 26.01.2022 28539 1 оқу мин Көпшіліккке «Дикий Арман» атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің суретке көп жағдайда құрбандығын құрсауына алуға дайын жыртқышты бейнелеп түсетінін байқауға болады. Қылмыс әлемінің серкесімен дос отандық эстрада жұлдыздары мен спортшылар да «Дикийдің» әрекетін қайталап, естелік суретке «қасқырдың қарымын» бейнелеп түсуді дәстүрге айналдырған, деп хабарлайды Экспресс К. Жұмагелдиевтің ең сүйікті белгісі — арлан қасқырдың қарымы. Мұндай бейнені танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның Арманмен бірге түскен суретінен де байқаймыз. Ақпарат құралдарында Жұмагелдиев пен ақынның жары Нұржан Иманәлиевтің жақын дос екені жазылған. Қасқырдың қарымын бейнелеудің бастауы көне түркі мифологиясында жатыр. Бұл ишара әсіресе «Дикий Арман» тұратын Түркияда кең таралған. Сонымен қатар, Жұмагелдиевтің кейбір суреттерінде «барыстың құрсауын» бейнелеп түсетінін атап өту керек. Оның достарының басым бөлігі көпшілік алдында Арманға құрметін білдіргенде осы белгіні көрсетеді. Мысалы, эстрада жұлдызы Қайрат Нұртастың Жұмагелдиевке сәлем жолдаған суретінде аталмыш белгі бейнеленген. instagram.com/armandzhumageldiev instagram.com/armandzhumageldiev «Барыстың құрсауын» бейнелеушілер арасында WBA super, WBO, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Александр Усик те бар. Украиналық былғары қолғап шебері суретке қазақи шапан мен қалпақ киіп түскен. instagram.com/armandzhumageldiev instagram.com/armandzhumageldiev «Дикий Арман» әлеуметтік желіде бұл белгілердің астарында не жатқанын ылғи айтып отырады. Оның пікірінше «барыс» — Қазақстанды, ал «қасқыр» — тұтас түркіні бейнелейді. Бұған дейін Жұмагелдиевтің адвокаты қаңтардағы бүлікті ұйымдастыруға қатысы бар деген айыптың кімдерге тағылғанын жазды. Сондай-ақ, Экспресс К Арманның ұлты қырғыз келіншегіне қандастары не жазғанын хабарлаған болатын. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5607 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12127 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961